Техникалық байқау – бұл көлік құралдарының жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру мақсатында автокөлік құралдарының, оның ішінде олардың бөліктерінің, қосымша жабдық заттарының техникалық жай-күйін көлік құралдары қауіпсіздігінің міндетті талаптарына сәйкестігін тексеру.

Автокөлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізу “Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізуді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өту кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.

Филиал заманауи жабдықтармен және білікті қызметкерлермен қамтамасыз етілген, бұл жеңіл және жүк автомобильдерін, автобустарды, шағын автобустарды, тіркемелерді, жартылай тіркемелерді міндетті техникалық байқауды жедел әрі арзан жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Техникалық бақылаудың ұтқыр желісі өтінімге сәйкес көліктің орналасқан жері бойынша техникалық байқау жүргізуге әрқашан дайын.

Филиалдың техникалық байқау орталықтары автокөлік мекен-жайлары бойынша техникалық байқауды жүзеге асырады:

№ 1 ТБО: тел.: +7 (7212) 44 17 05, 94 00 70 (ішкі 6217), Анжерская көшесі, 22/2
№ 2 ТБО: тел.: +7 (7212) 79 00 10 (ішкі 6250), (066 есептік орам, 373 учаске)