Филиалдың сынақ орталығы мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес өнімге сынақ жүргізуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген:

Машиналар, жабдықтар және механизмдер
  • автокөлік құралдары;
  • жүк көтергіш механизмдер мен құрылғылар (автокрандар, шөміштер, грейдерлер, шығырлар, автотиегіштер);
  • теміржол саласы (тежегіш құрылғылар және олардың бөліктері және т.б.);
  • мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының бекіту-реттеу сақтандырғыш арматурасы, құбыржолдардың арматурасы мен қосылуы (баллонды редукторлар, кескіштер, клапандар, ысырмалар);
  • машина жасау өнеркәсібінің өнімдері;
Минералды өнімдер
  • минералды шикізат және минералды шикізат өнімдері (тау жыныстары, марганец, кварц, алюминий, хром кендері, концентраттар, кокс);
  • көмір өнімдері.
Тамақ өнімдері және ауыл шаруашылығы мақсатындағы өнімдер
  • тамақ өнімдері;
  • ауыл шаруашылығы өнімдері.
Ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері
  • жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері.
Металлургия өнімдері
  • металлургия өнеркәсібі (болаттан жасалған жайма прокаттар);
  • металл өнімдері (әртүрлі диаметрлі құбырлар, темірден жасалған жартылай фабрикаттар, болттар, түйреуіш гайкалар, мойынтіректер);
  • металдар және бейметалдар;
  • металдар мен қорытпалар, металлургия бұйымдары;
  • түрлі пішінді арматуралық прокаттар, алюминий, шойын, мыс, қола қорытпалары;
  • санитарлық-техникалық мақсаттағы өнімдер (ванналар, болат, эмальданған жуғыштар және т. б.);
  • резервуарлар, құбырлар, прокат (бұзбайтын бақылау);
  • өнеркәсіптік құбыр арматурасы, ысырмалар және т.б.
Халық тұтынатын тауарлар
  • ойыншықтар;
  • жеңіл өнеркәсіп;
  • парфюмерлік-косметикалық өнімдер және тұрмыстық химия тауарлары;
  • ыдыс-аяқ, пленка, қағаз және т.б.;
  • санитарлық-гигиеналық мақсаттағы құралдар;
  • жеке қорғану құралдары;
  • буып-түю ыдысы (бөтелкелер, шыны банкалар, жәшіктер, ағаш, қағаз қораптар және т.б.);
  • басқа халық тұтынатын тауарлар (токсикология).
Өндірістік мақсаттағы тауарлар
  • қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жылыту аппаратурасы (газ жылыту пештері, су жылыту аппараттары, жылыту қазандары);
Құрылыс материалдары
  • Құрылыс және жол-құрылыс материалдары мен конструкциялары.

Азық-түлік, ауылшаруашылық өнімдері мен тұтыну тауарларының сынақ зертханасы сертификаттау сынақтарынан басқа:

  • кәсіпорындардың өтінімдері бойынша өнім сапасын бақылау (мерзімді бақылау);
  • өнімді технологиялық өңдеу кезінде, өнімді өндіріске қою кезінде көмек көрсету;

Сертификаттау сынақтарынан басқа:

  • металл бұйымдарының бұзылу себептерін және одан әрі пайдалану мүмкіндігін зертханалық анықтау;
  • металл және металл бұйымдарын механикалық сынау;
  • қара металдарды металлографиялық зерттеу;
  • металл мен дәнекерленген қосылыстарды бұзбайтын бақылау;
  • қара металды химиялық талдау;
  • спектрлік талдау;
  • сұйық отын мен ыстық суды сақтауға арналған металл резервуарларды, ішкі қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, көтергіш крандар мен жабдықтарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау;
  • радиоактивті ластануды дозиметриялық бақылау;
  • құрылыс өнімдерінің, көмір өнеркәсібі өнімдерінің және ағаш өңдеу тауарларының бета-сәуле шығаратын, гамма-сәуле шығаратын радионуклидтерінің меншікті тиімді белсенділігін анықтау.