Филиалдың сынақ орталығы мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес өнімге сынақ жүргізуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде аккредиттелген:
Машиналар, жабдықтар және механизмдер
- автокөлік құралдары;
- жүк көтергіш механизмдер мен құрылғылар (автокрандар, шөміштер, грейдерлер, шығырлар, автотиегіштер);
- теміржол саласы (тежегіш құрылғылар және олардың бөліктері және т.б.);
- мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының бекіту-реттеу сақтандырғыш арматурасы, құбыржолдардың арматурасы мен қосылуы (баллонды редукторлар, кескіштер, клапандар, ысырмалар);
- машина жасау өнеркәсібінің өнімдері;
Минералды өнімдер
- минералды шикізат және минералды шикізат өнімдері (тау жыныстары, марганец, кварц, алюминий, хром кендері, концентраттар, кокс);
- көмір өнімдері.
Тамақ өнімдері және ауыл шаруашылығы мақсатындағы өнімдер
- тамақ өнімдері;
- ауыл шаруашылығы өнімдері.
Ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері
- жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері.
Металлургия өнімдері
- металлургия өнеркәсібі (болаттан жасалған жайма прокаттар);
- металл өнімдері (әртүрлі диаметрлі құбырлар, темірден жасалған жартылай фабрикаттар, болттар, түйреуіш гайкалар, мойынтіректер);
- металдар және бейметалдар;
- металдар мен қорытпалар, металлургия бұйымдары;
- түрлі пішінді арматуралық прокаттар, алюминий, шойын, мыс, қола қорытпалары;
- санитарлық-техникалық мақсаттағы өнімдер (ванналар, болат, эмальданған жуғыштар және т. б.);
- резервуарлар, құбырлар, прокат (бұзбайтын бақылау);
- өнеркәсіптік құбыр арматурасы, ысырмалар және т.б.
Халық тұтынатын тауарлар
- ойыншықтар;
- жеңіл өнеркәсіп;
- парфюмерлік-косметикалық өнімдер және тұрмыстық химия тауарлары;
- ыдыс-аяқ, пленка, қағаз және т.б.;
- санитарлық-гигиеналық мақсаттағы құралдар;
- жеке қорғану құралдары;
- буып-түю ыдысы (бөтелкелер, шыны банкалар, жәшіктер, ағаш, қағаз қораптар және т.б.);
- басқа халық тұтынатын тауарлар (токсикология).
Өндірістік мақсаттағы тауарлар
- қатты, сұйық және газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін жылыту аппаратурасы (газ жылыту пештері, су жылыту аппараттары, жылыту қазандары);
Құрылыс материалдары
- Құрылыс және жол-құрылыс материалдары мен конструкциялары.
Азық-түлік, ауылшаруашылық өнімдері мен тұтыну тауарларының сынақ зертханасы сертификаттау сынақтарынан басқа:
- кәсіпорындардың өтінімдері бойынша өнім сапасын бақылау (мерзімді бақылау);
- өнімді технологиялық өңдеу кезінде, өнімді өндіріске қою кезінде көмек көрсету;
Сертификаттау сынақтарынан басқа:
- металл бұйымдарының бұзылу себептерін және одан әрі пайдалану мүмкіндігін зертханалық анықтау;
- металл және металл бұйымдарын механикалық сынау;
- қара металдарды металлографиялық зерттеу;
- металл мен дәнекерленген қосылыстарды бұзбайтын бақылау;
- қара металды химиялық талдау;
- спектрлік талдау;
- сұйық отын мен ыстық суды сақтауға арналған металл резервуарларды, ішкі қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, көтергіш крандар мен жабдықтарды одан әрі пайдалану мүмкіндігін анықтау;
- радиоактивті ластануды дозиметриялық бақылау;
- құрылыс өнімдерінің, көмір өнеркәсібі өнімдерінің және ағаш өңдеу тауарларының бета-сәуле шығаратын, гамма-сәуле шығаратын радионуклидтерінің меншікті тиімді белсенділігін анықтау.